15 жасар бейтаныс қыздың туған күнін атап өтуге мыңдаған адам Мексика штаты Сан-Луис-Потосиға ағылды. Туған күнге шақыру туралы ақпарат халық арасында тез таралып кетті. Шақыруда қонақтарға - тегін тағам беріліп, жанды музыка ойнап, бәйге ұйымдастырылатынын айтқан. Жеңімпазға 10 мың песо (500 долларға жуық) беруге уәде етілді.
Шақыру туралы жарты Мексика білді. Ғаламторда оны 800 мыңға жуық адам көрген. Рубидің туған күні туралы телеарналарда да айтыла бастады. Мексикандық актер Гаэль Гарсия Берналь шақыруға пародия жасады. Белгілі музыканттар Ларри Эрнандес пен Эл Командер меркеге барғысы келетінін айтқан.
Uber таксилерге Рубидің есімі бар промокодті қолданғандарға жеңілдік енгізген. Interjet әуекомпаниясы «Рубидің туған күніне ұшақпен ұшып барыңдар» деген ұран ойлап тапты.
Facebook-те мерекеге 1,2 миллион адам жазылған. Оның мыңы уәдесінде тұрып Рубидің туған күніне қатысқан. Қыздың отбасы қонақтарға арнап ондаған үстел жайып, палаткалар құрды. Туған күн иесі құттықтап келгендерді өзі қарсы алды.
Рубидің әкесі бір сұхбатында туған күнге шақыру неліктен халық арасында қызу талқыланғанын түсінбейтінін айтқан. Ол бейнежазбаны тек достары мен көршілері ғана көреді деп ойлаған.
2011 жылы аустралиялық оқушы Facebook парақшасында туған күніне шақыру жазған. 200 мыңға жуық адам келуге уәде бергенін білгенде шақыруды өшіріп, полицияға барған.
Дерек көз: lenta.ru