Ресей Федерациясының премьер-министрі Дмитрий Медведев: «Татарстан өз орнын біліп, мүмкін емес нәрсені талап етпесін», - деп мәлімдеді. Өздерін асырай алмайтын аймаққа арналған бай аудандардың ақшасын Мәскеу алып жатыр деген Татарстан президенті Рустам Миннахановқа Ресей билігі осылай жауап берді деп хабарлайды vip-rm.info, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.
Бірнеше күн бұрын Татарстан президенті елде болып жатқан қиын жағдайларды, Татарстанның кедейшілікке айналып бара жатқандығын, аймақтардағы халықтың жағдайын Кремльге ашық, анық жеткізбейді деп айтқан болатын.
Татарстан билігінің Ресейге қарсы шыққандарына Дмитрий Медведев: «Ақша ақшаға қарай жүрмейді, яғни бай аудандар оларға ақшасын қайтарып береді деп күтпесін, ол мүмкін емес» деп кесіп айтты. Сонымен қатар Медведев Татар елінің билігіне қаржыларын дұрыс бөліп, дұрыс пайдалануды үйренуге кеңес берді.