Шенеуніктер ұйықтамайды, тек көзін бірнеше секундқа жұмады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709191927490_small.jpg

 

Жиналыста бірнеше секундқа көзін жұмған адамды жауапқа тартуға болмайды. Қала әкімі Ілияс Еспанов пен Ақтөбедегі басқа да мемлекеттік қызметкерлердің ұйықтап қалуына қатысты Мемлекеттік қызмет ісі бойынша департамент басшысы Қайыржан Тоқышев пікір білдірді деп хабарлайды "Диапазон". 

«Адамның ұйықтап қалғанын дәлелдеу қиын. Ол үшін бірнеше куәгер керек. Егер бейнежазба болса, бізге жіберсін. Зерттеп көрейік» дейді Қайыржан Тоқышев.

Ресми іс-шараларда ұйықтап қалған шенеуніктерге жаза немесе санкция қарастырылмаған. «Әдеп кодексін жасағанда ұйқы туралы пункт енгізілмеген. Неге екенін білмеймін. Бәлкім ешкім ұйықтамайды деген болар. Қалай болғанда да ол мемлекеттік қызметкердің беделін түсіреді. Ол неліктен жиналыста отыр? Тапсырма алу үшін емес пе? Яғни ол мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауы тиіс. Ол тасқа таңба басқандай жазылған. Сондықтан біз оны талап етеміз. Бірақ адам бірнеше секундқа көзін жұмғанына қатты мән берудің қажет жоқ. Ал адам көп жұмыс болғанда шаршауы әбден мүмкін» дей отыра Ақтөбе қаласының журналистерін басшылар мен қатардағы мемлекеттік қызметкерлерді тәрбиелеудегі өмірлік белсенді ұстанымы үшін алғысын білдірді.

2017-2021 жылдардағы мемлекеттік бағдарламалардың тұжырымдамаларын түсіндіру жиналысында ұйқымен арпалысқан Ақтөбе әкімі Ілияс Еспановты видеоға түсіріп алған. Жиынға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысының әкімдері қатысты.

 

 

Связанные Статьи