Ыдырысов Ұлыбританияға елші болып кетті

/uploads/thumbnail/20170709191934301_small.jpg

Жаңа тағайындалуды Нұрсұлтан Назарбаев хабарлады.

Қазақстанның Президенті Ерлан Ыдырысовты Ұлыбританиядағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі етіп тағайындап, мекеме басшысында атқарған қызметі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасшы, сондай-ақ, сыртқы істер министрлігінің қызметіне Қайрат Әбдірахмановты тағайындады. Ол СІМ-де әлі де шешілмеген мәселелер мен талаптар бар екенін алға тартты.

«1 қаңтардан бастап Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысына кіріседі. Бұл ядросыз әлемде Қазақстанда ғаламдық көшбасшылықты қамтамасыз ету үшін жауапты міндет жүктейді», –деп Елбасшы сөзін жалғастырды.

28 желтоқсан күні Ерлан Ыдырысов ҚР Президентінің жарлығымен сыртқы істер министрлігі қызметінен басқа қызметке ауысу үшін босатылған болатын. Оның басшылықтағы орнын Қайрат Әбдірахманов ауыстырды.

Связанные Статьи