Шабуылға ұшыраған Мирзаевтың бейнесі интернетте жарияланды

/uploads/thumbnail/20170709192150735_small.jpg

Ютубта ММА күресшісінің өзіне жасалған шабуылдан кейінгі видеосы пайда болды.

Расул Мирзаевты 2017 жылдың 1 қаңтарында шынжырмен қылқындырып өлтірмекші болған.

Алдында хабарлағанымыздай, үш белгісіз адам Мирзаевты өз пәтерінде ұрып-соғып, травматикалық қарумен жаралаған болатын. Баспасөз мәліметінше, Восточная көшесінде Мәскеу уақыты бойынша сағат 02:00 белгісіз үш адам Мирзаевқа жабылып, сақамен ұрып, спортшыны травматикалық қарумен жаралап, оқиға орнынан қашып кеткен. Ал, қаскүнемдерді пәтеріне кіргізген зардап шеккеннің танысы. Шабуылдан соң, бірден Расул жақын досына хабарласады. Ол пәтеріне келіп, полиция мен жедел жәрдем шақырған.

Дереккөздерге сүйенсек, қылмыскерлер спортшыны шынжырмен буындырмақшы болған, алайда Мирзаев оларға тойтарыс берген.
– Қылмыскерлер қашып бара жатып, пәтерде қаруларын және шынжырды қалдырып кеткен. Олар сонымен қоса, ақша жымқырып кетіпті, бірақ қанша ақша алғанын Расул әлі білмейді. Олар бағалы заттарды да алып кетуі де әбден мүмкін, – деп айтып берді досы журналистерге.

Ауруханада Мирзаевтың денесінен екі оқты шығарып алды, оның біреуі жүрегіне тиюге сәл қалған екен.

Спортшының туыстары «кек қайтару мақсатынжа жасалған» деп желіде талқыланып жатқан болжамдарды жоққа шығарып отыр.

Тергеу жұмыстары подъезде орнатылған видеобақылаудың объективіне түсіп қалған қылмыскерлердің түрін анықтады.

Кадрда қаскүнемдер спортшы тұратын үйдің подъезінің алдында күтіп тұрғаны көрсетілген.

,

Связанные Статьи