Мен тірімін! Куәгер қыз терактіден қалай аман қалғанын айтып берді

/uploads/thumbnail/20170709192149025_small.jpg

Ровно қаласының тұрғыны Наталия Вольнова достарымен бірге Жаңа жылды «Рейна» түнгі клубында атап өтпекші болады және 39 адам қайты болған террористикалық шабуылдың куәсі болады.

Facebook парақшасында Вольнова қалай аман қалғаны жайлы бөліседі.

«Террористер біз компаниямен тойлап жатқан клубты басып алды. Өлгендер көп болды. Мен тірімін!!! Тірі!!!», – деп жазды Вольнова бірінші жазбасын.

Кейіннен қыз өзін клубтан алып шыққан полицейге алғысын білдірді.

«Үстелдің астында жатқан мені бірінші болып шығарып алғаны үшін полицейге көп рақмет! Қолымды мығымдап ұстап, арқасымен қорғады. Және ашық қалған иықтарымды көріп, жамылғысын үстіме жапқан Наташа есімді қызға алғысымды білдіремін. Менің кім екенімді,  қайдан екенімді білместен маған көмектесті. Оның үстіне мен ағылшынша акцентсіз сөйлесіп тұрған едім», – деп жазды ол.

Связанные Статьи