Қарт адам жасының үлкендігіне қарамастан, әлі күнге дейін өздігінше қимылдайды.
Индонезия тұрғыны Сапарман Содимеджио 31 желтоқсан күні 146-шы туған күнін тойлады, деп хабарлайды Рен-Тв.
Оның құжатында 1870 жылы туылған деп көрсетілген. Мұндай айтулы оқиғаны Ява аралының тұрғындары атап өтті.

Индонезиялық қарттың туыстары журналистерге айтуы бойынша, ол кісінің әлі де денсаулығы сап-сау және ауырмайды екен.
Естеріңізге сала кетейік, оның төрт әйелі де қайтыс болған, 10 бауырын жерлеген. Тіпті, балалары да тірі қалмаған екен. Қазір ол немере, шөбере және шөпшектерімен бірге тұрады.