2017 жылғы 1 қаңтар сағат 22.40-та Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Шахан ауылында көп қабатты үйдің бір бөлігі опырылып түсті деп хабарлайды ҚР ІІМТөтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары дереу жіберіліп, үй тұрғындарының эвакуациясы жүргізілді.

Қазіргі уақытта 4 адам құтқарылды, оның ішінде 2 бала. Қолда бар ақпарат бойынша опырылған конструкциялардың астында үй тұрғындары бар.Опырылу нәтижесінде қаза болған екі адам табылды. Қазір құтқарушылар үйінділерді жинап, зардап шеккендерді іздеу бойынша жұмыстарды жүргізуде. Шамамен 70 адам мен техниканың 16 бірлігі жұмылдырылған. Оқиғаның себебі анықталуда.Ақпарат қосымша ұсынылатын болады.

,