Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньянху және оның отбасы кәсіпкерлерден 100 мың шекельге бағаланатын сыйлық және пара алды деген күдікпен сұралатын болды деп хабарлайды rbc.ru. Израиль полициясы премьер-министрді 3 күннің ішінде бөлімшеге шақырады. Екі тарап келісіп, дүйсенбі күні премеьр-министр жауап беруге полиция бөлімшесіне келеді деп күтілуде.
Полицияның мәліметінше олардың қолында Израилде және басқа да елде тұратын кәсіпкерлердің жауаптары бар. Олардың бірі американдық кәсіпкер Рон Лаудер. Ол премьер-министрге костюм және Биньямин Нетаньянхудың баласына шет елде саяхат ұйымдастырып бергенін мойындады. Алайда полиция берілген сыйлықтың мөлшері кәсіпкердің айтқанынан да көп екеніне сенімді. Сонымен қатар жергілікті полиция тексеріс барысында Израиль премьер-министрінің басқа да қылмысы әшкереленеді деген ойда.
Биньямин Нетаньянху барлық айыпты жоққа шығарып отыр.