Қазақстандық миллиардерлер баю үшін билікті пайдаланады

/uploads/thumbnail/20170709192738845_small.jpg

Миллиардерлер ең бай адамдардың ішіндегі ең дәулеттілері. Көптеген жас кәсіпкерлер миллиардер болудың қаржылық жолын табуды армандайды. Алайда ең алдымен жас кәсіпкер миллиардерлер қай елде  көп екеніне мән беру керек. Жоғарыда олар туралы  мәлімет карта арқылы берілген.

Оған сай әр елдің жекеленген пайыздық көрсеткіштерін көре аласыздар. Ол  салыстырмалы түрде, бес санатта, бес түрлі түспен көрсетілген. Оларға жеке-жеке тоқталсақ: 1. Мұра. 2. Құрылтай компаниялары. 3. Меншік иелері 4. Басшылар. 4. Саяси байланыс 5. Қаржылық сектор.

Мәліметтер Халықаралық Экономика институтынан алынды.

Карта арқылы Қазақстанның жаппай қою сарымен берілгенін көреміз. Яғни картаға сай, Қазақстандағы миллиардерлер биліктегілермен байланыс орнату арқылы жағдайларын жасайды.  Зерттеу барысында миллиардерлер ең көп шоғырланған ел – АҚШ екені белгілі болды деп хабарлайды businessinsider.com. Әлемдегі миллиардерлердің 30% жуығы аталмыш елден екен.  Оған түрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Оның бірі тарихи себептер немесе саяси лауазымы арқылы қол жеткізуі мүмкін.

Екінші орында - Қытай. Ол әлемдік экономикада ойып тұрып орын алады. Қытай экономикасын нығайту үшін көп қиыныдықты артқа тастады. Қытай өте кедей мемлекет болған. Кәсіпкерлер қатарының көбеюуі миллиардер санының артуына алып келді. Елде 200-ден астам миллиардер бар. Бұл ел экономикасына жағымды әсер етті. Ал Оңтүстік Кореяда жағдай керісінше. Миллиардерлердің 74.1% отбасынан қалған мирас арқылы байлыққа кенелгендер. Ал Жапонияда  миллиардерлердің 63% өз ісін бастау арқылы қазіргі дәрежеге жетті.  

Оңтүстік Кореядағы жағдай Еуропада да қайталанып отыр. Яғни дәулетті туыстарының арқасында өздері де миллиардер атанып отыр. Мирас арқылы миллиардер атанып отырғандардың ішінде Дания 83.3% көш бастап тұр. Екінші орынды 64.7% көрсеткішпен Германия алады. Ал көшбасшы үштікті Швеция 63.2% тәмәмдайды.

Миллианерлердің көптігімен мақтанатын АҚШ-та  мирас, қаржы секторы мен өз ісін ашу арқылы осы дәрежеге қол жеткізген.

 

 

Связанные Статьи