Алпауыт елдердің адамға күлкі туғызатын заңдары да болады. Өзге мемлекетке бара қалсаңыз, сол елдің кейбір оғаш заңдарын да біліп алғаныңыз жөн.
Әлемнің ең күлкілі заңдары
Жаңа Шотландияда жаңбыр жауып тұрған кезде көгалдарды суаруға тыйым салған.
Англияда төсек орындарын терезеден іліп қоюға тыйым салынған.

Канада аумағындағы Квебек аймағында сары түсті маргарин сатуға тыйым салынған.
Арканзастың заңы тіпті қызық. Ол адамға емес, табиғатқа бағытталған. Арканзас өзеніне деңгейі Литтл Рок көпірінен асып кетуге жол берілмейді.

Ең заңға бағынатын өзен –Арканзас Ривер
Италияның Милан қаласында жерлеу салтында және ауыру кісінің көңілін сұрағаннан басқа уақытта барлық халықтың жүзінен күлкі табының білініп тұрғаны заңмен бекітілген. Осы мемлекетте Мария есімді әйел жергілікті заңға сәйкес жезөкшелікпен айналысуға құқысы жоқ.
Сингапурда адам үш рет қоқыс тастап ұсталынса, заң бұзушы жексенбі сайын көшені жуып, «Мен қоқыс тастадым» деген жазуы бар тақтайшаны мойнына іліп жүруі тиіс. Онымен қоса, мұндай жазалар жергілікті телеарналардан көрсетілетін болады.
АҚШ-та бір үйде 6 қыздан артық адам тұруға болмайды.
Әлемдегі ең қисынсыз заңдар
Бұл Оңтүстік Кореяның заңын Қазақстанда ешқашан кездестірмейтінің анық. Ол жақта жол полицейлері алған параларын басшылыққа хабарлап отыруы міндетті.
Данияда қылмыскерлер заң жүзінде түрмеден қашып кетуіне болады. Әрине, оларды ұстап алады, бірақ қашқаны үшін ешқандай жаза қолданылмайды.
Канададағы Альберта аймағында түрмеден босатылған қылмыскерлерге жылқы мен оқталған тапанша береді. Бұл олардың қаладан кетіп қалуы үшін жасалған.
Ал, Айдахода түйеге мініп, балық аулауға тыйым салынған.

Балтиморда арыстанмен бірге театрға кіруге болмайды.
Аризонада жуынатын қауызға ешекті ұйықтатуға болмайды. Үлкен көлемде айыппұл салынуы мүмкін.
Ал, Сэнт Луисте өзіңізді тәртіпті ұстауыңыз керек. Көшелерде шелектен сыра ішуге болмайды.
Математиктер Индиана штатына таң қалуы мүмкін. Ол жақта заң жүзінде «Пи» саны 3,14-ке емес, 4-ке тең.
Миннесотада жалаңаш ұйықтаған адамды түрме күтіп тұр.
Айовада өрт сөндірушілер өртті сөндіруге шығар алдында 15-минуттық жаттығу жұмыстарын жүргізуі керек.
Пенсакала қаласында әйел адам қауызда электр құралдарын абайсызда пайдалану салдарынан қайтыс болып кетсе, 100 доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндетті.
Ұлыбританияда парламент үйінде өліп қалуға тыйым салынған.
Қытайда суға батып бара жатқан адамды құтқару заңға қайшы, өйткені ол оның тағдырына қол сұғушылық болып табылады екен.
Дайындаған: Марал Шайхы