Әлеуметтік желілерде неке агенттіктері қызметтерін ұсынып жатыр. Бұл туралы newtimes.kz хабарлап отыр.
Неке агенттігі қазақстандықтарға Қытайдың кәсіпкерлерімен таныстыруды ұсынады. Компанияның мәліметтерінше, олардың қолы босамайтындықтан уақытты құр жіберуге мүмкіндігі жоқ.
Facebook парақшасындағы хабарландыру төмендегідей жазылған:
«18-40 жас аралығындағы басы бос қыздар мен әйелдер! Пекиннен Астанаға некеге тұру мақсатында элит клубтың бойдақтар тобы келе жатыр. Арнай іс-шаралар жоспарлануда. Ер азаматтар жақсы қамтамасыз етілген, еуропалық жоғары білім алған, ағылшын тілін біледі, көбісі орыс тілін біледі. Күйеу жігіттің сауалнамасымен неке агенттігінде танысуға болады. Клиенттер үшін қатысу бағасы -15000 теңге, клиент еместерге – 25000 теңге. Таңдау бар. Барлық сұрақтар бойынша: 8 702...98... хабарласыңыз» , – делінген хабарламада.
Қоңырауға жағымды әйел дауысы жауап береді және шарттың мәліметімен толыққанды таныстырады. Сіз келісімге тұрып, сауалнаманы толтыруыңыз керек екен, 5 суретіңізді өткізіп, күйеу жігіттердің сауалнамасымен таныса аласыз. Содан кейін агенттіктің қызметіне ақша төлейсіз.
«Бұл жігіттер кәсіпкерлер болып табылады, әркіммен кездесуге уақыттары жоқ, тек отбасы құрғысы келетін қыздарды іздейді. Мүмкін сіз ұнатып, сізді ұнатпай қалуы мүмкін. Ондай жағдайлар да болады. Сол үшін суретіңізді жібересіз, сауалнама толтырасыз, біз оларға жібереміз. 10 қаңтарға дейін біз соңғы суреттеріңізді жібереміз, мүмкін топ өзгеріп, басқа біреу сізді ұнатып қалар. Кейіннен сізді қай жігіт ұнатқанын айтамыз. Олар келгенше араласып, сөйлесе тұрасыздар. Біздің кеңсеге келіп, Skype арқылы сөйлесесіздер. Одан кейін олар бізге 4 күнге келеді, сізді ресторанға кешкі асқа, боулингке, караокеге және басқа да орындарға шақырады. Соңында жұптарыңыз жарасып жатса, гала кешкі асқа шақырады. Егер бір-бірлеріңізге қызығушылық танытып, романтикалық қарым-қатынас басталса, олар сіздерді бір аптадан үш айға өз еліне шақыруға дайын. Қытайдан ғана емес, Америка мен Ирландиядан да күйеу жігіттер бар», – деп айтып берді әйел.