Терактімен айыпталған қырғыз азаматы таң қалғанын айтты

/uploads/thumbnail/20170709192806834_small.jpg

Ыстамбұлдағы лаңкестік әрекетке  қатысы бар деп жалған айыпталған Қырғызстан азаматы Яхье Машрапов түрік БАҚ өкілдеріне сотқа жүгінбейтінін айтып, бірақ журналистерден бұл мәліметті теріске шығаруын талап етті.

Яхье Машраповтың айтуынша, теледидарды қосып, газетті оқыған оның туыстары қатты қорқып кеткен. Қырғызстан кәсіпкері Түркияға үнемі тауар алу үшін келіп тұрады екен. Отанында киім сатумен айналысады.

Журналистер өз төлқұжатын көрсетіп, оны террорист деп атағанын Машраповқа қайран қалған достары хабарлаған.

Яхье Машрапов: «Олар интернеттен менің төлқұжатымның суретін көріп, маған таң қалып хабарласты. Өйткені лаңкестік болған күні біз бәріміз бірге мерекелік үстел басына жиналып, палау жеген болатынбыз».

Кәсіпкер «Интерфакске»  берген сұхбатында оның қамауға алынуы мен тергеу барысын егжей-тегжейлі айтып берді.

Яхье Машрапов: «Түрік медиа өкілдері төлқұжатымның суретін таратып, мені лаңкестік әрекетке қатысы бар деп айыптады. Еш дәлелсіз қалай олай айтуға болады? Түрік полициясы мені тергеп, ешқандай терактіге қатысым жоқ екенін анықтады. 1 қаңтар күні Жаңа жылды туыстарым мен достарыммен тойлап, 1 қаңтар күні Ыстамбұлға ұшып келдім, тауар алып болған соң, 3 қаңтар күні қайтадан ұшып кеттім. 3 қаңтар күні ұшаққа отырғанымда, салонда екі кісі жақындап, төлқұжатыммен бірге шығуымды өтінді. Ұшақтан шыққанымда, 20 шақты адамды көрдім, арасында полицейлермен қатар азаматтық киімдегі адамдар да болды. Олар менің төлқұжатымды тексеріп, тергей бастады. Кейіннен кешірім сұрап, қайтадан ұшаққа отырғызды. Содан кейін бір сағат кешігіп, Стамбұлдан Бішкекке ұшып кеттік».

Reina клубына жаңа жыл түнінде шабуыл жасалған болатын. Қаруланған қылмыскер автоматтан оқ жаудырып, салдарынан 39 адам қаза тапты. Одан бөлек 70 адам жараланды. Полицейлерде күдікті қылмыскердің фотороботы және бірнеше видеожазбалар бар. Бүгін Түркияның СІМ полицияға бүлікшінің кім екені анықталды деп хабарлады. Сондай-ақ, ИГИЛ-дың  бес бүлікшісі ұсталды. Оған қоса, БАҚ өкілдері хабарлағандай, терактқа қатысы бар деп 23-тен 40 адамға дейін ұсталған.

 

Связанные Статьи