Теуво Хаккарайнен: «Барлық мұсылман террорист емес, бірақ барлық террорист - мұсылман»

/uploads/thumbnail/20170709192913697_small.jpg

Орталық Финляндияның уездік соты Финляндия парламентінің депутаты, «Нағыз финдер» ұлттық фракциясының мүшесі Теуво Хаккарайненге Facebook-тегі постында мұсылмандарды қорлағаны үшін  1160 еуро көлемінде айыппұл салды деп хабарлайды lenta.ru. Сот жазбаны өшіруді де талап етті.

Депутаттың әлеуметтік желідегі жазбасы Ниццедегі терактіден кейін пайда болды. Теуво Хаккарайнен «Барлық мұсылман террорист емес, бірақ барлық террорист - мұсылман» деп жазған. Сонымен қатар барлық мұсылманды Финляндиядан шығаруды талап етті. Соттың ойынша аталмыш жазба Ислам дінін ұстанатындардың намысына тиеді. Ал оларды елден шығаруға деген ұсыныс белгілі бір топқа қауіп төндіреді.

Айыппұл салынған депутаттың әріптестері, болған оқиғаны ақпан айында ортаға салатын болды. «Праламент фракциясының мүшесіне салынған айып талқылауды қажет ететін күрделі мәселе» деді фракция төрағасы Сампо Техо.

Өткен жылы ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін «Нағыз финдер» ұлттық фракциясының мүшесі Терхи Киемункиге айыппұл салынды.

14 шілдеде кешкі уақытта мерекелік күні халық көп шоғырланған жерге жүк көлігі баса көктеп кіріп, жаяу жүргіншілерді басып өткен. Нәтижесінде 86 адам көз жұмды. Көлік жүргізушісін полицейлер атып өлтірді. 

Связанные Статьи