Жыныстық зорлықтың құрбаны болдым деген қыз полицейдің көлігін айдап кеткен деп хабарлайды life.ru. Шериф қыздың денесін жабатын киім іздеп кеткенде ол полицейдің көлігіне отырып қашқан.
Полиция бір сағат бойы қыздың артынан қуып, әрең ұстады. Бұған дейін полиция бөлімшесіне хабар келіп түскен. Ондағы адам жанармай құю бекетінде киімсіз әйел жүргенін айтқан. Полиция қызметкері жанармай құю бекетінде барғанда расымен де жалаңыш қыз жүрген.
«Қыз абыржулы болды. Шериф көмекшісі жанармай құю бекетіне кіріп, қыздың үстіне жабатын киім іздеп кеткенде ол полицейдің көлігіне кіріп, айдап кеткен» дейді шерифтің орынбасары Бен Генри.
Ер адам көлікті тоқтатуға талпынған. Бірақ құлап, жарақат алды. Куәгерлер шериф көмекшісіне өз көлігін ұсынды. Осылайша қуғын басталды.
Полицейлердің қызды тоқтатуға деген талпынысы нәтижесіз болды. Қыз олардың ескертулерін елемей, қашып кету үшін жылдамдықты сағатына 160 шақырым уақытқа дейін арттырған. Жалаңаш қызды жол бойындағы бағанға соғылғаннан кейін ғана ұстай алған.
Қыз соғылған көліктен шығып, қаша жөнелді. Бұрыңғыдай полицейлердің ешқандай ескертулерін елемеді. Оның көлік жүріп жатқан жолға шығып кетуі мүмкін екенін ескеріп, өлімге соқтырмайтын жеңіл қарумен атып, ауруханаға тексеруге жіберілді. Ал шерифтің орынбасарына медициналық көмек көрсетілді.