Түрмедегі бүлік кезінде ажал құшқандардың саны 100-ге жетті (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709193415956_small.jpg

Сенбі күні Бразилия түрмесінде бүлік шығып, 30 адам көз жұмған еді. Өткен аптада аталмыш ел түрмелеріндегі бейберекетсіздік нәтижесінде қайтыс болғандардың саны 100-ге жеткен деп хабарлайды euronews.com.

Жексенбі күні Манаус қаласындағы түрмеде 4 жазасын өтеуші көз жұмды. Дәл осы түрмеге бір апта бұрын Бразилия тарихындағы ең ірі бүлік шығарған банда көшбасшылары ауысып келген. Ол кездегі бүліктің нәтижесінде 64 адам қайтыс болды.

Ал жұма күні Рорайма штатында орналасқан түрмеде тағы 33 адам өлі күйінде табылған.

Бразилия билігі бейберекетсіздік жиі орын алатын түрмелердегі күзетті күшейтпек. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи