«Қамшы» порталының тұрақты оқырманы Нәзірхан Ақниязұлы атты ағамыз тілішімізге хабарласып, қоғамда бүлік туғдырып отырған мәселе – «қытайлық болашақ күйеубалалар» жайлы өз пікірін білдірді.
«Қайырлы күн!
Мен "қытайлық күйеубалаларға" қатысты пікірімді білдірсем деп едім. Қазақ қыздарының қытаймен некелесу дегеніне қаным қайнап тұр. Санамыздың, ұлтымыздың жойылып кетуіне бірден-бір себеп – біздің қаракөз қыздарымыз. Ұлтты өсіретін де, өшіретін де солар. Бұл нәрсені қатаң түрде заңмен қудалау қажет. Кеше жерімізді саттық, бүгін қызымызды сатсақ, қандай ел боламыз, болашағымыз не болмақ. Жалпы болашақ болады ма бізде?! Қытайдың бірде-бір оқ атпай жаулау саясаты деген – осы.
Қытай елінде халқы аз ұлттың қыздарымен той жасаған әрбір қытайлық жігітке 10 000$ көлемінде сыйақы беріледі. Шет елдің қыздарымен некеге тұру мәселесіне қатысты мемлекет миллиондаған қаржы бөледі. Елімізге келе жатқан қытайлықтарды қалталылар, оқыған азаматтар дейді. Бұның бәрі – дақпырт, өсек сөз. Негізінен, мемлекет бұған ақша бөліп тұр – шет елге үйлен, шет елге кет! Яғни, олар сол барған жерінде қалып, елді жаулау керек. Бұл – қытайдың «бір тал оқ атпай жаулау» деген саясаты.
Елімізді, жерімізді, ұлтымызды сақтау үшін, болашағымызға балта шаппау үшін мұндай нәрселерді үгіттеушілердің, елімізде осындай саясат жүргізушілердің көзін құрту керек, заңмен жазалау керек. Түбегейлі жоймасақ, халқымыздың түбіне жетеді олар. Бұл – қазақтың ұрпағына жасалған опасыздық.
Қанымыз қайнап, ашуымыз келіп тұр. Халықты арандатып жүрген сол агенттікті ашқан әйелдің басын кесіп алғым келіп тұр.
Қытайдан келгенімізге 12 жыл уақыт болды. Біз қытайдың заңының қандай екенін, ұлтты жаулау саясатының қандай екенін білеміз. Сол үшін бұл мәселенің алдын алу керек. Қазір тоқтатпасақ, ертең қазаққа келген дерт, апат болады. Басқа ұлтты көтере беріп солардың табанының астында қалып жүрмейік. Сол үшін біздің азаматтарымыздың намысын оятып, мемлекет болып, ұлт болып бірігіп, мынандай істі тоқтату керек. Бүгін оларды кіргізіп, төрімізге отырғызамыз, ал ертең өзіміз есікте қаламыз.
Бұл – бір ғана адамның жұмысы емес, мұның артында қандай күштің тұрғаны бір Аллаға ғана аян.
Елімізге, жерімізге келіп, осында ұрпағымызбен өсіп-өніп ел болып қаламыз ба десек, бұл жақта тағы қытай. Жерімізді сатсақ, елімізді сатсақ, ұрпағымыз не болады. Мәңгілік ел боламыз десек, бұл дертті түбегейлі құртуымыз керек.»
Оставить комментарий