Польшаның бұрынғы президентінің ұлы өлі күйінде табылды

/uploads/thumbnail/20170709193436366_small.jpg

Польшаның бұрынғы президентінің ұлы Леха Валенсы Пшемыславты Гданьскідегі пәтерінде өлі күйінде табылды, деп хабарлайды RMF.

43 жастағы әкесін пәтерде ұлы көріп, «жедел жәрдем» шақыртқан. Алдын-ала мәлімет бойынша, мәйіттің денесінде жарақат іздері табылмаған, сарапшылар үшінші адамның қатысы болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығарып отыр.

Польшаның бұрынғы президенті Леха Валенса мен оның жұбайы Данутыдың сегіз баласы бар – төрт ұл, төрт қыз.

Бұған дейін Пшемыслав Валенса мас күйінде көлік жүргізгені үшін бірнеше рет көлік апатының себепкері болған. 1995 жылы оны бір жылға соттап, тоғыз айға шартты үкім шығарады, ал 2003 жылы тағы да бір жылға шартты жазаға тартылады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи