Чибока қаласындағы мектептен 2 жарым жыл бұрын оқушы қыздарды ұрлап кеткен. Нигерияда «Қыздарымызды қайтарып беріңдер» атты ұйым шеру ұйымдастырды деп хабарлайды euronews.com. Белсенділер ел президенті Мохаммад Бухариді ұрланған қыздарды қайтаруға ешқандай әрекет жасамағанына наразы.
«Президент әкімшілігі ұрланған қыздарды қайтаруға қатардағы мәселе ретінде қарайды» дейді ұйым көшбасшысы Аиша Йесуф.
Осыдан 2 жарым жыл бұрын 200-ден астам ұрланған қыздың 195-і әлі күнге дейін құлдықта. Нигериялық қарулы күш содырлар тығылып отырған бірнеше ауданда арнайы операция жүргізген. Алайда операция нәтижесіз болды.
Бірнеше тұтқын қашып кеткен. Ал өткен жылдың қазан айында Халықаралық Қызыл Крест пен Швейцария үкіметімен қызметтестік нәтижесінде 21 адам құлдықтан босап шықты.
Оставить комментарий