«Үш аяқты» қыз ғаламтордағылардың басын қатырды

/uploads/thumbnail/20170709193857184_small.jpg

Ғаламтор қолданушылары «үш аяқты»  жұмбақты шеше алмай әлек. Фото Imgur форумында пайда болған деп хабарлайды indy100.com. Сайттың 10 мыңдаған қолданушысы бірнеше күн бойы оптикалық алдамшы көріністің құпиясын аша алмай келеді. Көбі мәселенің неде екенін түсінбеді.  

Фотодан «үш аяқты» қызды көруге болады. Оны өзін AmassiveTRexHoldingaBaby деп атаған ғаламтор қолданушы сайтқа жүктеген. Астына «Шешімін табу үшін, бір минут бойы суретті зерттедім» деп жазған.

Сайт пайдаланушыларының көбі зерек болмай шықты. Кейбірі қыздың колготкиімен түстес жастықта отыр деген болжам жасаса, енді бірі аяқ киімінің түсін талқылады, мысықты іздеді, аяғын зерттеді.  Алайда фотоның құпиясы мүлде басқада.

Егер фотоға мұқият қарасаңыз қыздың оң аяғының тұсында қыз қолына тізесімен және көйлегімен түстес вазаны ұстап тұрғанын байқауға болады.

Ғаламторда соңғы кездері фото жұмбақтар жиі шығатын болды. 

Связанные Статьи