Аштық жариялаған ақтаулық жұмысшы краннан түспей отыр

/uploads/thumbnail/20170709193859894_small.jpg

Маңғыстау облысында Қаламқас кенішіндегі Оil Сonstruction Сompany (OCC) кәсіпорнының мұнайшысы Мейрамбек Қуантаев бүгін таңертеңгі сағат 6-дан бері өндіріс басындағы кран үстінде отыр. Бұл туралы Азаттыққа сол жердегі басқа мұнайшылар хабарлады.

Өзін Асентай деп таныстырған ОСС мұнайшысының айтуынша, кран басында отырған Мейрамбек Қуантаев Қазақстан тәуелсіз кәіподақтар конфедерациясын тіркетуді және оның төрайымы Лариса Харьковаға қылмыстық қудалауды тоқтатуды талап етіп отыр.

Асентай Мейрамбек Қуантаевтың апта бойғы аштықтан әбден әлсіреп, психологиялық шаршағанын да айтты.

- Ол ешкіммен сөйлесуден бас тартады және БАҚ өкілдерінің ортаға келіп, жағдайды жариялауын талап етіп отыр, - дейді ол.

Азаттық Қаламқас кеніші - "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясына тиесілі (компания активтерінің 50 пайызы CNPC, 50 пайызы "Қазмұнайгаз" үлесінде) болғандықтан өндірістік аймақтағы жағдайды көру туралы компнаияға өтініш хат түсірген болатын. Алайда компанияның кеңсе қызметкері Шаттыгүл Иманова журналистік сауалдың "Маңғыстаумұнайгаз" жарғысына сай еместігін себеп қылып, қабылдаудан да, оны компания бас директоры Бақыт Иманбаевқа жеткізуден де бас тартты.

ОСС компаниясы - "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясының мердігері. Ол компания иелігіндегі Қаламқас, Жетібай кеніштеріне жөндеу, құрылыс жұмыстарын жүргізумен айналысады. ОСС компанясының 400-ге тарта жұмысшысы қаңтардың 5-сінен бері тәуелсіз кәсіподақты тіркетуді сұрап, аштық жариялап отыр. Олар судан басқа нәр татпайтын аштықты жұмыстарын жасай жүріп жалғастырып жатыр.

Связанные Статьи