Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысты

/uploads/thumbnail/20170709194045912_small.jpg

«Профи Бокс Казахстана» онлайн-баспасы хабарлағандай, Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксшыға айналды. Риодағы 2016 Олимпиада ойындарының жеңімпазы, танымал қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (69 кг) жақында құрылған «MJA Entertainment’s» промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасты.

Әлеуметтік желідегі топтардың бірінде Елеусіновтің келісімшартқа қол қойған фотосы жарияланды. 

Осының алдында Данияр Елеусіновтен бөлек, тағы бір боксшы Иван Дычконың жақын арада кәсіпқой боксқа ауысатыны туралы хабар БАҚ беттерінде жарияланған еді. Екі боксшы да Алматыдағы AIBA бокс академиясында өтіп жатқан оқу-жаттығуға қатысып жатқан жоқ.

 

Связанные Статьи