Жақсыбек Қақан. Кейімеу ережесі

/uploads/thumbnail/20170709194439353_small.jpg

Қазір байқасаңыз, әркім бір дүниемен күресіп жүр. Біреу тексіздікпен, біреу тектілікпен, біреу дінсіздікпен, біреу діншілдікпен, біреу құнсыздықпен, біреу құндылықпен күресіп әуре. Неге әуре? Қор болып бекер өтіп жатқан өмір десей. Олай дейтініміз берекесі жоқ жалғанның жалғаншыларына айғайшы болып, тобыр көбейткеннен басқа түк шаруа бітріп жатқан жоқ сияқтымыз. Еш ісімізде береке жоқ, не ортақ идея жоқ. Бәрі білгіш. Бәрі ғұлама.  Мынау жабайы өркениетті қоғамнан бір ми аққан жанды көрсең көзің шықсын. Шетімізден бәрін біліп тұрған залымбыз. Не керек бүгінгі тірілігімізге қарап осындай шешімге келмеске амалыңыз жоқ.

Жә, айтпақшы болған тақырыпқа оралсақ. Яғни кейімеу ережесі.

    Еркек болғасын өзге жыныстының мінін тез көргішпіз ғой. Тасада тұрып тас лақтыруға ыңғайлы интернет айдынында, біраз жігіттердің өзге жұртқа кеткен қыздар туралы іші ашып жазған бір талай мақала, пікір,  сол сияқты дәйектемелерін кездестіріп жатамыз. Арасында кейбір әйел заты да бар. Бәрі дұрыс, бәрі шындық. Бірақ сол ниеттес, пікірлес бауырларыма айтарым – ешқандай да  жүйкелеріңізді тоздырып, құсалана бермеңіздер дер едім. Құдай нәсіп етпегенді пенде тауып бере алама. Айтайын дегенім, Алланың өз ережесіне салсақ, зинақор еркекке, зинақор әйелді. Пәк еркекке, пәк әйелді қосамыз деген заңдылығына сай, осы  біздің ішімізді ашытып жүрген қыздыр «лайықты» байын, маңдайына жазған «жұбын» тауып кетіп жатқан жоқ па екен. Яғни, ол қазақтың қызы болса да, оның дүние танымы, ұстанымы, қызығушылығы, қылаяғы тамағы сол кәпіри жұрттан болса, оның үстіне ата-анасы оны соған лайықтап өсірсе болмаса шектемесе, болмаса жолына тұра алмаса, жаның ашыған сенің сөзіңнің оларға құны қанша. Ал, мына жақта жатып алып өкініп, опық жегеннен қазақтың кісәпір ниетті қызының миына қан жүгіре қала ма. Біле-білсең қазақ үлкен халық, жалпы санымыз он бес миллионнан асып жығылады. Сонда ойлаңызшы, ішінен жүз мың, жарайды, көп десеңіз он мың дейік, тіпті мың шірік жұмыртқа шықпайды деуге бола ма. Тас ғасырды қанша келеке етсек те, бетон ғасырда жоғалтқанымыз орасан. Айтқан дұрыс, жазған дұрыс. Бірақ сөз түгіл өз туған шақалағын тастап жатқан «адамға» сөзімді алмадың, сөзімді жетім қалдырдың деп кінә таға аласыз ба? Иә, бауырым, хал-жағдайын халқымның жақсы түсінемін. Ниеттес ұғыландардың да көп екенін де жақсы білемін. Тек сабыр, Абай айтпақшы «Сап, сап қөңілім, сап көңілім» дегендей кеткен қыз кетсін. Кейігеннен біреудің бір жері кеңи ме. Іші арсыз анадан қандай ұрпақ тумақ. Солай сатқындыққа бейім адамнан қай бір оңған бала өрбімек. Шірік жұмыртқадан балапан шыққанын көрген жан бар ма? Тексіздік қасіретін өз еліне жаятын ондай арам шөптің болғанынан жоғалғаны, жүргенінен кеткені жақсы. Бірақ мынаны ұмытпасын әркім! Өз еліне күң бола алмаған қыз, біреудің еліне ханша бола алмайды. Ал, өз елінде ханша болған қыз, біреудің еліне күң болғысы келмейді. Өзге жұртқа кеткенің, сол елге күң болғаннан басқа не? Тіл алмағанға, қасарысқанға, көкбеттенгенге теріс бата берсе болды. Асса кете берсін!

14.01.2017 жыл

Связанные Статьи