Бұған шығысқазақстандық прокурорлар мен білім саласы мамандары мұрындық болып отыр деп хабарлайды 24.kz. Өңір бойынша 409 баламен жасалған сауалнама нәтижесі оқушылардың дені ұлттық құндылықтардан бейхабар екенін көрсеткен. Ұзақ талқыланып, талдаудан өткен жобаны құптаушылар көп. Оқу жылының соңына дейін Өскемен, Семей, Ұлан және Глубокое аудандарындағы 9 мектептің 5-сынып оқушылары аталған пәнді оқи бастады. Әзірге екі арнайы бағдарлама дайындалған. Тиімділігін ақтағаны жаңа оқу жылынан бастап, жүйелі кәдеге асырылады.
Айжан Садықова, облыстық білім басқармасының басшысы:
- Министрліктен де бұл курсты жетілдіру бойынша ұсыныс келіп түсті. Сол екі авторлық топтың курстары мектептерде жүргізілуде. Бұл курсты жүргізуге біздің мұғалімдер алдын ала дайындалған. Мақсат Медіғатов, облыстық прокуратураның бөлім басшысы: - Біздің өз тәжірибемізде кездескендей басқа жат ағымдарға неге бас ұрады. Олар өз дәстүрін құрметтемеуі салдарынан жетік білмейді