Теңіз толқып, аспандап дауысынан,
Ақылды сезім жеңіп бағытынан...
Миллиардты кеткендей толқын соғып!..
Алпыс екі тамырда ағытылған!
Көтерген қазақ дауысын дара шыңға,
Сұңқар мен қырандардың арасында.
Чаңшада бар әлемді жалт қаратып...
Ғасырдың қалып қойдың санасында!
Аспанның аударылып бір табағы...
Кеудемде дірдектейді жыр парағы!
КӨГІЛДІР КӨКЖИЕКТІ ӘНМЕН СҮЗІП...
Көз бітті көрместерге су қараңғы...
Ғарыштан құйылғандай егістікке,
Қайтадан көтеріліп кеңістікке!
Бұлттай ұшып жүрсің көкжиекте,
Бұла түн көтергендей терістікте!
Оянғандай теңіздің шуылынан...
Тербелгендей қыранның суылынан...
Толқығандай сезімнің бояуынан,
Жылынғандай жұлдыздың жылуынан!
Тербетіліп сананың ағысынан,
Құйылғандай қазақтың шабытынан,
Дүниенің көзінде қанат қағып,
Бостандықтың үнісің ағытылған!
Ақылдың қонақтадың парағына...
Масайтып дүниені шарабыңа...
Алаштың ӘН САТЫСЫН ТІК КӨТЕРІП...
ӘЛЕМДІ ТЕРБЕП ТҰРСЫҢ ШАНАҒЫҢДА!!!
Серік Боқан