ЕРЛАН ҚАРИН: РЕСЕЙ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ҚР ТЕРРИТОРИЯСЫ ТУРАЛЫ СӨЗІ БОС ӘҢГІМЕ

/uploads/thumbnail/20170709203544722_small.jpg

Қазақстандық саясаттанушы «Қазақстаннан байырғы орыс жерлерін қайтарып алу» туралы Ресей депутаты Павел Шперовтің сөзіне қатысты пікір білдірді,  деп хабарлайды tengrinews.kz.

Бұған дейін де Ресей мемлекеттік Думасының депутаты Павел Шперовтың сөзіне қатысты Сыртқы істер министрлігі «позициясын» білдірген еді. Депутаттың арызында Қазақстанның шекарасына байланысты наразылық талаптары көрсетілген.

«Осы сынды кез келген әңгімелерге, мейлі, ол қайда айтылсын, жол бермеу керек. Олар ең алдымен біздің нақты позициямызды алға тартуы керек. Мен сыртқы істер министрлігі бұл мәселе бойынша пікір білдіргенін дұрыс санаймын. Мұндай әңгімелерді болдырмау керек», – деп мәлімдеді Ерлан Қарин Ресей депутатының сөзіне пікір білдіріп.

«Бұл Сыртқы істер министрлігі мен ресми тұлғалардың ғана пікірімен шектеліп қалмауы керек. Мен бұған қатысты әрекетіміз жан-жақты болуы керек деп ойлаймын. Сонымен қоса, мысалы, «жағымсыз тұлғаларды» анықтап, оларға елімізге келуге тыйым салу керек және тағы басқалары. Тек пікір білдіріп қана шектеліп қалмау керек. Екі жақтың кеңесімен жоққа шығаруын, түсініктеме беруін талап етуіміз керек, бұл жолдар арқылы ғана емес және басқа да жолдармен», – деп санайды қазақстандық саясаттанушы.

Ерлан Қарин Қазақстанның жерлері турасында айтылған сөздер жай ғана тәуелсіз сарапшының ғана пікірі емес екенін алға тартып отыр.

«Мен өзім жеке басым сайтта бұл партияның, аталмыш тұлғаның берген жауабын көрдім. Және берілген пікірде оның өз ойын өзгерткені көрініп тұрған жоқ. Ол бұрын айтқанын қайталап отыр. Кейбір ресейлік қызметкерлер шекара, аумақ тақырыбын қозғау – мүлдем бос әңгіме екенін түсіну керек. Бұл – талқылауға жатпайтын дүние. Сондықтан барлығы мұндай тақырыптардың келешегі жоқтығын түсінуі қажет», – деп пікір білдірді Ерлан Қарин.

Саясаттанушының сөзінше, мұндай пікірлер арқылы авторлар өз-өздерінің беделін түсіреді.

«Мұндай пікірлерді қандай да бір саяси тұғырнамасы қалыптаспаған, қандай да бір бағыты жоқ саяси элитаның «ұраншыл» топтың адамдары айтады», – деп мәлімдеді саясаттанушы.

Айтқандарын сараптай келе, Ерлан Қарин мұндай жағдайлар Қазақстан мен Ресей арасындағы екі елдің қарым-қатынасына қандай ықпалы бар екенін айтты.

«Екі елдің қарым-қатынасы ынтымақтастыққа құрылған. Халықаралық саясатта болсын, аймақтық әріптестік болсын, барлық актуальды бағытта тығыз қарым-қатынас орнатып, бірге жұмыс жасайды. Көптеген бағдарламалар іске асырылып жатыр. Біздің қарым-қатынасымызда түсінбеушілік пен мәселе жоқ. Айтпақшы, мұндай «топтың» адамдары осы жағын да ұғынуы керек. Әрине, олар көп зиян тигізе қоймайды, алайда олар өз елінің мүддесіне қарсы жұмыс жасап отырғандарын түсінулері керек», – деп қорытындылады саясаттанушы.

 

Связанные Статьи