Астана көшесінде жалаңаш түрде фотоға түскен қыздың кім екені анықталды деп хабарлайды Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі.
20 жасар Астана қаласының тұрғыны 31 қаңтарда, сағат 20.30-да Астана қаласының Қалдаяқов көшесінде орналасқан үйдің көлік тұрағында интим фотосессиясын жасаған.
Полицияның мәліметніше, 20 жастағы қыз Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша ("Ұсақ бұзақылық") жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына шешім қабылдау үшін жіберілді.

