Назарбаев Қаржы министріне соңғы рет ескерту жасады

/uploads/thumbnail/20170709203658298_small.jpg

Бүгін Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың қызметіне көңілі толмайтындығын ашық айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Елбасы өз сөзінде бүгінде Қазақстанның даму банкін басқарып отырған Болат Жәмішев еліміздің Қаржы министрі лауазымын лайықты атқара алуы мүмкін екендігін атап өтті.

«Егерде бізде дұрыс Қаржы министрі, қазынашы болса, онда ол әрбір тиынды қадағалап отырар еді. Ал сен бере бересің. Мемлекет қазынасы саған сеніп тапсырылды. Сен менің қазынаны қадағалайтын жеке өкілімсің», - деді Елбасы Қаржы министрі Б.Сұлтановқа қарата.

Сонымен қатар Н.Назарбаев Қаржы министрі мемлекет қаржысын тыңғылықты қадағалауы керектігін баса айтты. 

«Ең дұрысы Жәмішевті қою керек шығар. Ешкіммен сөйлеспейтін болады. Мүмкін біреулерге ұнамайтын шығар, маған да кейде ұнамай қалады. Бірақ, ол жетек сияқты тік, бұл анық. Мемлекеттің мүддесін де қорғайды», - деді ҚР Президенті.     

Биылғы Жолдау аясында қойылған міндеттер жайында айта отырып, Нұрсұлтан Назарбаев министрлер кабинетіне бірнеше тапсырма берді. Соның ішінде Президент барлығына бюджетті үнемдеуге шақырды.  

"Алматыда Универсиада өтіп жатыр. "Бұл ең арзан Универсиада болды", – дейді Халықаралық универсиада жетекшісі. Өйткені біз үнемдеудің барлық мүмкіндіктерін игердік", - деді Президент көлемді шараларды қаржы үнемдей отырып өткізуге болатынына мысал келтіріп. 

«Біз барлығымыз мемлекеттік қызметкерміз, халыққа, елге қызмет етуіміз керек. Онда қызмет етейік - мемлекеттің әр тиынын үнемдеп жұмсайық. Мұнымен неге мен ғана айналысуым керек? Бюджет сіздерге берілді ме, қалай үнемдеу керектігін сіздер ойлануларыңыз керек», –деді Елбасы.

 "Мен саған мемлекеттік қаржыны дұрыс пайдалану туралы бір рет айтқанмын. Енді екінші рет ескерту айтып отырмын. Үшінші рет ескерту айтылса, жағдайың мүшкіл болуы мүмкін", – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

 


 

Оставить комментарий

Связанные Статьи