Ғани Қасымов Үкіметті таратып, жаңа министрлікті әйелдерден құруды ұсынды

/uploads/thumbnail/20170709204429787_small.jpg

Қоғамдық қайраткер Ғани Қасымов әйелдер жемқорлыққа азырақ барады деп санайды.

Мұндай ұсынысты ол инстаграм парақшасында жазды.

Президент Үкіметке қандай баға бергенін көріп-ақ, олардың көбісін қызметінен босату керек. Үкімет мүшелерінің 70% әйелдерден құрылу керек, – деп жазды инстаграм парақшасында.

Әйелдер басқаратын мемлекеттерде экономикалық даму қарқынды жүреді. Сондықтан Қазақстан билігінде басшылық қызметке әйелдерді тағайындау керек деп санайды.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтановты сынға алған болатын. Ол сондай-ақ, министрлерді өз ісіне жауапты болуын немесе басқа кандидаттарға орындарын босату керектігін айтқан болатын.

 

Связанные Статьи