Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистің Путинге қарата айтқан сөздерін қорлау деп атады.
«FoxNews американдық телеарнасының жүргізушісі Билл О' Рейлидің американдық көшбасшы Дональд Трамппен сұхбат барысында РФ президенті Владимир Путинді қанішер деп атағаны үшін кешірім сұрағаны жөн болар» деді Дмитрий Песков.
О' Рейли Трампқа оның Владимир Путинмен жақсы қарым-қатынас орнатуға қатысты сұрақ қойды. Трамп бұл сұрақтың жауабын білмейтінін айтқан болатын. Сол уақытта журналист Путинді қанішер деп атаған. Алайда, Дональд Трмап АҚШ-та қанішерлер бар екенін, сондықтан АҚШ-ты кіршіксіз таза ел деп атауға келмейтінін айтты.