Бір жыл бұрын азып-тозып көше кезіп жүрген баланың қазіргі жағдайы

/uploads/thumbnail/20170709204502320_small.jpg

Бір жыл бұрын ырымшыл ата-аналары тастап кеткен нигериялық баланы Аня Рингрен Ловен даттық қайырымдылық ұйымы құтқарып қалған. Сол бала мектеп табалдырығын аттады.

2016 жылдың қаңтар айында Ловеннің әбден әлсіреген балаға су ішкізіп тұрған фотосы желіге таралып кеткен. Баланың туыстары оның сыйқыршы деп күдіктеніп үйінен қуып жіберген.

Даттық Ловен күйеуімен Нигерияның оңтүстік-шығыс бөлігінде ашқан балалар үйіне Хоуп орналастырылған.

 Ловеннің балалар үйіне біреу хабарласып, Хоуп туралы айтып берген. «Баланың жасы 2-3-те екенін білгенде, бірден іске кірістік. Кішкентай балалар көшеде көп өмір сүре алмайды» дейді Ловен. Олар баланы тапқан. Ол тойып тамақ жемегеннен ауырып жүрген. Ал оның ағзасы құртқа толып кеткен екен.

Осы жылдың 30-шы  қаңтарында Ловен бір жыл бұрынғыдай су ішкізіп тұрған фотосын жариялады. Одан 12 айда салмақ жинап, өсіп қалған баланы байқауға болады. Бала әдемі киінген.

«Әлем Хоуп есімді кішкентай бала туралы бір жыл бұрын білген еді» деп жазды Ловен өзінің Facebook парақшасына.

 

Связанные Статьи