Ақ үй БАҚ құпияда сақтап отырған терактің тізімін жариялады деп хабарлайды ria.ru. Оның арасында көп жарияланбаған оқиғалар мен соңғы жылдары әлемдік жаңалықтағы басты тақырыпқа айналғандары да бар.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп БАҚ-ты мәселе терактіге келгенде үндемей қалытынын айтып, сынаған.
Ақ үй 2014 жылдың қыркүйек айымен 2016 жылдың желтоқсан айы аралығындағы 78 терактінің тізімін жария етті.
Ақ үй тізімге 2015 жылдың қазан айындағы Синайдағы ресейлік жолаушылар ұшағында болған жарылысты да қосқан. Онда 224 адам көз жұмған. 2015 жылдың соңында болған Париждегі теракті. Салдарынан 129 адам мерт болған. Тізімге т.б көптеген теракті кірді.
Ақ үй тізімдегі оқиғаларды қандай критерий бойынша таңдағанын түсіндірмеді.