Тиши Бошеминнің үлкен отбасы бар. Сүйікті жұбайы мен бес баласы бар – өмірден басқа не керек?
Әйел жақын арада өмірінің күрт өзгеретінін білген жоқ. Көршісіне көмектесуді ұйғарған өмірінің толығымен өзгеретінін білмеген еді!
Бұрын Тиша мен оның көршісі Одри бір-бірлерімен көп араласпайтын. Әрқайсысы өз істерімен өмірлерін сүріп жатты. Алайда Одри бір күні науқастанып, ауруханаға жатуға тура келеді. Ол көршісі Тишадан көмек сұрайды.

Көп балалы ана бір күн өзге балаларға қарайласып, көмек тесуге келісім береді. Бірақ таңертең үш баланың анасы үйіне көңілсіз оралады. Дәрігерлер Одридың қатерлі ісікке шалдыққанын айтады.

Сол сәттен бастап Одри мен Тиша өте жақын достар болып кетті. Науқастың қасында оның арқа сүйер жалғыз адамы да Бошемин ханым болып шығады. Тиша оған барлық жағынан қолдап отырды. Өкінішке қарай, Одридің күні санаулы еді.
Оны өзінің қара басынан гөрі, балаларының тағдырына қатты алаңдады. Сондықтан Одри өлер алдында Тиша мен оның жұбайы екеуіне балаларына қамқор болуды тапсырып, асырап алуын өтінді.

Жетім қалған үш баланы мына сұм заманда тағдыр тәлкегіне тастауға қимай Бошеминдер отбасы батыл қадамға барады. Одридің өлімінен кейін олар үш баланың барлығын асырап алады. Олардың жеті адамнан тұратын жанұясына тағы үш бала қосылады.

Соған қарамастан Тишидің отбасы жетімдерді жылы қарсы алды. Олардың балаларға өз балаларындай қарағаны соншалық, анасының жоқтығы оларға қатты біліне қоймады. Үлкен отбасыны үйдің кішкентайлығы да қынжылтпады. Алайда бұлай ұзаққа жалғаса бермеді...

Күндердің бір күні Тишаға телеарнаның өкілдері келіп, оған таң қаларлық тосын сый жасады. Бірақ Бошеминдер отбасына бірнеше күнге басқа қонақ үйге қонақтауға тура келді.
Қайта үйіне оралған кезде олар үйлерін танымай қалды. Видеоның 01:06 минутынан бастап, Тишаға қандай тосын сый жасағанын біле аласыздар.
Мейірімді адамдар үйге жөндеу жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, ішіне жаңа жиһаздар кіргізіп берді. Олар сондай-ақ, үлкен ұлына бөлек пәтер жалдауға қомақты ақша берді және отбасыны бір жыл бойы азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыратын болды. Әрине, мұны көрген Тишидің қуанышында шек болмады!