Қарағандылық жеткіншек «Көк кит» ойыны салдарынан өзіне қол жұмсады

/uploads/thumbnail/20170709204828547_small.jpg

Қарағандылық 19 жастағы бойжеткен өз-өзіне қол салған, оған «Көк кит» суицидтік тобының қатысы болуы мүмкін деген болжам бар, - деп хабарлайды «Қамшы».

Қайтыс болған қыздың туысы Галина Сибирякова ойынның тапсырмаларын орындау үшін қыздың өз-өзін өлтіргенін айтып отыр.

 «Қарындасым «Көк кит» қауіпті ойынның салдарынан өзіне қол жұмсады деп күдіктенемін. Бұл жантүршігерлік ойынды «Тыныш үй» деп те атайды.. Модератор жеткіншек орындауы тиіс тапсырманы береді. Мысалы, ұстараның жүзімен қолына киттің суретін салу. Ал, соңғы тапсырма - өлімге алып келеді», - деді ағасы Марат.

Бойжеткен ваннаның тұтқасына 6 ақпан күні түнде асылып қалған. Ол кезді үй ішінің бәрі ұйықтап жатқан екен. Ата-аналары түн ішінде қызының оянып, ваннаға кіргенін естіген. Оның өлі денесін таңғы бес жарымда тапқан.

«Оның телефонын бұғаттан ашқан кезде «Көк кит» және «Тыныш үй», 4:20, «мен ойындамын деген сөздерді таптық», - деп мәлімдеді Марат.

Қазір іспен полиция айналысуда.

 

 

 

Связанные Статьи