Еуро Одақ Украинаны қолдау мақсатында бірнеше іс атқармақ. Ол арқылы Украина өз қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Бұл туралы бұрынғы КСРО құрамындағы елдердегі USAID жобаларының бұрынғы үйлестірушісі Джош Коэн мәлімдеді деп хабарлайды replyua.net.
Коэннің сөзінше Еуропалық ұйым Украина тұрақтылығы үшін 4 қадам жасай алады. Сарапшының ойынша ең бірінші қадам Украинаға визасыз режимді орнату. Украина азаматтары ЕО сенім артып, уәде еткен істерін атқарып жатқанын білуі керек. Сонымен қатар, Коэннің ойынша ЕО Украинада жемқорлыққа қарсы реформа жасауға қаржы қарастырғаны абзал. Аталмыш реформа қаншалықты тез жасалынса, Украина сондай жылдамдықпен тұрақты елге айналады.
«Ресейлік агрессия Украина үкіметінің капиталына зардабын тигізді. Сондықтан төртінші қадам еуропалық кредиттік агенттіктердің экспорты болуы керек. Ол өз компаниялары арқылы Украинадағы инвестициялардың қауіпсіздігіне кепіл болады» дейді Коэн.