Гавайяда АҚШ пен Германия арасындағы теннис матчында Германияның Гитлер кезіндегі әнұраны ойналған деп хабарлайды bbc.com. АҚШ теннис ассоциациясы «Германия барлығынан жоғары» деп басталатын әнұранды қойғаны үшін кешірім сұрады.
Әнұран Германия өкілі Андрей Петкович пен американдық Алисон Рискенің арасындағы матчтың алдында ойналған.
«Бұл өрескел қателік және адамды қорлайтын эпизод. Бұл менің басымнан өткен ең үлкен жағымсыз жағдай. Әсіресе Федерация Кубогіндегі» деді Петкович.
«Германия туралы ән» 1920 жылы Веймер республикасының ресми әнұраны болды. Алайда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін оның алғашқы «Германия барлығынан жоғары» сөздері алынып тасталды.
Американдық теннис ассоциациясының мәлімдемесінде әнұранның ескі нұсқасы қойылғанына қатты өкінетінін айтып, спортшылар мен жанкүйерлерден кешірім сұрап, екінші мәрте мұндай өрескел қателік қайталанбайтынын айтты.
Федерация Кубогі - әйелдер теннисіндегі ірі халықаралық командалық жарыс. Петкович пен Риске арасындағы матч американдық Рискенің жеңісімен аяқталды. Есеп: 7-6, 6-2.
Оставить комментарий