Шавкат Мирзиёев ресми іссапармен Қазақстанға келеді

/uploads/thumbnail/20170709210548220_small.jpg

2017 жылдың алғашқы жартысында Өзбек президенті Шавкат Мирзиёев мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді деп жазды ru.sputniknews-uz.com.

Сапар ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзбек әріптесін қонаққа арнайы шақыруы аясында жоспарланып отыр.

Өзбектің жаңа сайланған президентінің Қазақстанға алғашқы сапары аясында екі жақты стратегиялық әріптестік пен алдағы уақытта оны жандандыру мәселесі талқыланады деп жоспарланған.

Сондай-ақ, сауда-экономикалық қатынастар, транспорттық логистикалық әріптестіктер, өңірлік деңгейдегі ынтымақтастық және басқа да мәселелер талқыланатын болады.

«Біздің ынтымақтастық динамикамыз 2016 жылдың аяғы мен 2017 жылдың басында белсенді бола бастады. Сәйкесінше бізде шешімін табуға тиіс сұрақтар блогы пайда болды. Сондықтан екі лидеріміздің кездесуі өте өзекті және уақтылы», - деп атап өткен Өзбекстандағы қазақ елшілігі.

Сонымен қатар, дереккөздің айтуынша, жақын уақытта басқа да екі жақты ресми кездесулер жоспарланған. Атап айтқанда, Қазақстанның жаңа Қорғаныс министрлігі өкілдері қорғаныс және әскери-техникалық әріптестік орнату мақсатында Өзбекстанға келетін болады. Делегация ішінде ұлттық темір жол операторлары да болады деп күтілуде. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи