Австрия билігі ұлтшылдық лидері Адольф Гитлерге ұқсағысы келген, 25 жасар азаматтың тұтқындалғанын хабарлады деп жазды BBC-дің орыс қызметі.
Өзін Гаральд Гитлер деп атаған жаз азамат Браунау-ам-Инн қаласындағы Гитлердің туған үйінде суретке түскен.
Жергілікті полицияның хабарлауынша, аталған азамат Германиямен шекаралас қалаларда, Венада, Грацта көрінген.
Оның сөзінше, жас азаматтың ісі – бұл ешқандай да қалжың да, көркем қойылым да емес. Ол өзінің ұстанымына шынайы бекінген. Оның «қара мұрттымен» түскен суретін австрииялық интернет сайттарда дүйсенбіде таралған.
Айта кететін болсақ, нацизм Австрияда қылмыстық іс болып саналады.
Оставить комментарий