Павлодар облысының еңбек басқармасының басшысы парамен ұсталды

/uploads/thumbnail/20170709210645966_small.jpg

Ерғали Асқаров 1 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталды.

Павлодар облысы бойынша Жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөнінен ұлттық бюро облыстық еңбек басқармасының басшысы Ерғали Асқаровтың жемқорлық әрекетін әшкереледі деп хабарлайды 24.kz

Ерғали Асқаров өзінің қарамағындағы қызметкердің делдалдық етуімен «Павлодар жеңіл конструкциялар зауыты» ЖШС өкілінен кәсіпорында қызметкермен болған және соңы қайғылы аяқталған жазатайым оқиға бойынша оңтайлы қорытынды жазып бергені үшін 1 миллион теңге пара алған. 

Осыған байланысты Е.Асқаров Павлодар қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи