АҚШ Президенті Дональд Трамптың Ұлттық Қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Флинн өз еркімен орнынан босатылды деп хабарлайды bbc.org.
Ресей Федерациясының Вашингтондағы елшісі Сергей Кисляковпен арада болған әңгіме барысы туралы толық ақпарат бермей, кейбір мәліметтерді жасырып қалғаны үшін дау туған болатын.
Алайда, М.Флинн өз кезегінде қатесін мойындап, Президенттен кешірім сұраған. Белгілі болғандай экс-кеңесші РФ-ның елшісімен Мәскеуге қатысты санкцияларды жою турасында әңгімелескен.
Сонымен бірге, соңғы ақпараттарға сүйенсек, Майкл Флиннің орнын генерал Джозефа Кита Келлога басты.
Оставить комментарий