Қанат Ислам Робсен Ассиспен өтетін кездесуге дайын

/uploads/thumbnail/20170709211228012_small.jpg

32 жастағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам бразилиялық Робсен Ассиспен өтетін кездесуге дайындығын аяқтады, деп жазды Vesti.kz порталы.

Елімізідң боксшысы соңғы жаттығуларын Уилмингтонға жақын, әрі қыс мезгілі болғандықтан Филадельфия қаласында өткізген болатын.

Қанат Исламның өкілі Берік Сұлтан боксшымыздың салмағы тура және жекпе-жекке толығымен дайын екенін айтты.

Алдағы жекпе-жекте қарсыласы болатын Робсен Ассис те Уилмингтонға келіпті. Ертең екі боксшы тілшілермен кездесіп, баспасөз жиынын өткізеді. Сондай-ақ ашық жаттығу жиындары болады.

Айта кетейік, келесі кездесуін бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Federatin тұжырымдары бойынша, әлем чемпионы 32 жастағы отандасымыз 17 ақпан күні Уилмингтон қаласында (АҚШ, Делавэр штаты) бразилиялық боксшы Робсен Ассиспен жұдырықтасады

Связанные Статьи