Доминикан Республикасында радиодан тікелей эфир жүргізіп отырған екі журналисті өлтірді деп хабарлайды bbc.com. Аталмыш қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш адам құрықталды.
Доминикандық 103FM радиосында эфир уақытында журналистердің бірі Facebook-те тікелей эфир жүргізіп отырған. Бір уақытта Луиса Мануэля Медина сөйлеп жатқанда оқ атылған дыбастар шығып, әйелдердің шыңғырғаны естілген.
Медина мен бағдарлама продюсері Лео Мартинес қайтыс болды. Бір адам жараланды. Қазір ауруханада жатыр.
Полиция шабуылдың сейсенбі күні Сан-Педро-де-Макористе болғанын хабарлады.
Тұтқындалғандарға әлі айып тағылмады. Полиция журналистерге не үшін шабуылдағаны әлі белгісіз екенін айтады.
Бұл тікелей эфирде журналистерге жасалған бірінші шабуыл емес. 2015 жылдың тамыз айында екі американдық журналист Вирджиния штатында телетрансляция кезінде көз жұмған.
Доминикан полициясының мәліметінше, елде 10 миллионнан астам халық тұрады. Елде жылда 70% адам өлтіру қылмысы қарумен жасалынады екен.