Қытайда өлім жазасын қылмыстың 69 түріне қолданады. Олардың қатарында: мемлекетті сатып кету, сепаратизм, қару асынып алып қоғамды дүрліктіру, есірткі саудасы және т.б. басқалары да бар. Алайда, кәмелет жасқа толмағандарды өлім жазасына кеспейді.
Кейбір мәліметтерде көрсетілгендей, Қытайда жылына 5000-нан астамды өлім жазасына кеседі екен. Мұндай үкім шығарылған адамдарды атып немесе инъекция арқылы өлтіреді. Бұрынғы уақыттарда өлім жазасына кесілген адамды дарға асатын болған.
Жазаның іске асырылуын прокуратура қызметкерлері қадағалайды. Өлім жазасы орындалғаннан соң халық соты қылмыскердің туыстарына хабар береді.
Осы жылдың ақпан айында ЛюХан атты миллиардердің ҚХР Қылмыстық Кодексінің 13-бабы бойынша айыпталып, оны кесілген өлім жазасының қалай іске асқандығы жайлы суреттер интернетте жарияланған болатын. Назарларыңызға заңның алдында барлығы да бірдей екендігі мен Қытайдағы өлім жазасы қалай болатындығын көрсететін суреттерді ұсынамыз.
Дерек көзі: sputnik.kg
Оставить комментарий