Құзырлы органның қудалауына түскен азамат әділдік іздейді

/uploads/thumbnail/20170709213437736_small.jpg

"Қамшы.кз"  еркін пікір алаңы. Сондықтан осы мақалаға қатысты қарсы тараптың айтары болса, сайтымызда жариялауға дайынбыз. 

"Қамшы" ақпараттық порталында  24.11.2016 жылы   "Жеке прокурор немесе мен қалай кұзырлы органнның қудалауына түстім"  атты  мақала  шыққан. Онда көршім  Садихованың  дәйексіз жазған арызы бойынша менің үстімнен қылмыстық  іс қозғалып  кейінірек   ҚР  Бас  прокуратура тарапынан тексеріс жүргізіліп  Наурызбай  ауданы  прокуроры орынбасарына,  прокурорларға және аудандық   ІІБ анықтаушыларына  сөгіс жариланды.  Кейінірек   Садихованын үстінен  ҚР Қылмыстық  кодексінің  419-бабынын  1 тармағы  бойынша  Көрiнеу жалған сөз жеткiзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Садихованын баласы Э.Мирзаев  (бұрынғы полиция қызметкері ) Наурызбай ауданы сотында менің  жеке айыптауымен қозғалған  қылмыстық  іс кезінде  маған  жала жапқанын  яғни  ҚР Кодексінің 130-бабынын 1 тармағы бойынша  жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату және   ҚР Қылмыстык кодексінің      131-бабынын 1 тармағы    Корлау бойынша  тағылган айыптармен, кінәсін  толық  мойындаған және оған осыған орай  ол  Қазактан Республикасының 25 жылдығына сай ҚР президентінің   рақымшылык  жарялау  шарасына іліккен. Алайда  кек сақтаған  болу керек,  Садихова  мен тұрып жатқан үйдің  заңды кұрылысын бұзып тастау  ушін    ерегісіп  сотқа  азаматтық іспен   тағыда жүгінеді.  Бұл  жолы өзіне еш қатысы жоқ көршінің   заңды тіркелген кұрылыс нысанын бұзуға және  өзіне қатысы жоқ  сатып алу келісім шарттың  үштен бір бөлігін  жарамсыз деп танылсын деп талап қояды. Сорақасы   сол   көршіге  еш қатысы жоқ  болғанына қарамастан  судья Батырханов  солардың  қойған  талабын толықтай қанағаттандырады. Яғни  Садихованың  кегін алып бергендей.  Бұл жерде судьяның   көзқарасының сот процессінде  аяқ  асты өзгергеніне таң  қаларсың. Өйткені  сот барысында судья  Батырханов азаматша  Садихова арызына бойынша -   кезкелген адам  арыз  жазды екен деп сот  біреудің  кұрылыс  нысанын  бұзу  туралы  шешім  шығара алмайды деп сот процессінде түсіндірген  аудио  жазбасы бар. Егер  кұрылыс нысаны заңсыз өз жерінде салынса, онда ол  азамат айыппұл төлеп  кұрылыс нысанын  заңдастыра алады. Егер нысан мемлекет жерінде салынса оған мемлекет  рұқсат берген жағдайда да ешкім бұза алмайды. Ал егер нысан біреудің  жерінде салынса, сол жердің  иесі  сол нысанды бұзу жайлы талап арызбен  сотқа жүгіне  алады. Бірақ  талаптанушы сол кұрылыс нысанына кеткен шығынды  салған адамға өтеп беру керек деп  түсіндірген. Судья кейін   аяқ  асты  Садихованын  өзгенің жерін тартып алуға бағытталған ойын жүзеге асыратын  шешім шығарган.  Ол әлі  күшіне енген жоқ. Бірақ  шешім  Садихованың  қандайда бір кұкығы бұзылып соны қорғауға  арналған шешім еместігі   де айдан анық. Өйткені  Садихованын өз жеріне кіретін жолы,  жеке қақпасы бар. Бұл жер бау-бақша серіктестігі болғандықтан мұнда жолдар жергілікті  атқарушы органдармен  заңдастырылмаған.  Яғни әортақ  пайдалану жолдарә деген статус жоқ  деген атқарушы органдардың  арнайы жауаптары да бар.  Сонымен қатар,  Алматы қаласы жерді  өлшеу  мамандардың  жерге өлшеу жұмыстарын  жургізу кезінде Садихованың пайдаланып отырған жері  оның  мемлекеттік  актідегі  көрсетілген жер өлшемінен  25 кв ал басқа жағынан  75 кв артық  екені  анықталды.  Өзі  артық жер пайдалана отырып, өзгенің  жеріне көз тігеді  Көршілер Садихованың өзіне қарсы талап арызданғанда Батырханов бірден кабылдамай  сендердің  арыздарың түкке ( боққа)  тұрмайтын арыз деп  судьялык этиканы бұзып дөрекі  жауап беріп ашық  айтады. (аудио жазбасы бар)

Сот   шешімі    қайта қазір  Садиховаға  еш қатысы жоқ  қарапайым қандастарымыздың - үйдің иесінің және оның  алдында болған иесі жерінің  үштен бірін тартып алуға  бағытталған шешім екені    анық (ашык рейдерство). Бірақ  мұндай Садихованың  пайдасы   ушін шығарылған  сорақы шешімді  шығарған судья жоғарғы  жақпен келісіп шығарып отырма деген каупім  бар.  Өйткені мұндай сорақы, еш дәйексіз  заңсыз шешімді  судьяның еш  қорықпай шығаруының  өзінен кауіптеніп отырмыз . Сондықтан   "Қамшы.кз" редакциясын және оқырмандарды, қоғамдық  ұйымдарды  осы іске назар аударып  ат салысуларын сұраймыз . Барлық  сот актілерін толықтай көрсете аламыз .  Өз жерлерінен   қалталы    біреулердің   ерегістен жазған  арыздары салдарынан  айырылып қалу каупі тұр.  Садихованын арызы дәл осы талаптармен бұрында 2014 жылы Алматы облысында каралған екен. Сонда сот шешімі  бойынша соңғы сатып алушының  кұкық беретін кұжаты сатып алу келісім шарты өз күшінде  қалдырылған.  Садихованың  сол кезде де нысанды бұзу талабы канағаттандырусыз қалдырылған.   Қазақстан заңнамасы бойынша бұрын қойылған талаптар қайта каралмауы тиіс. Алайда, Наурызбай ауданының соты Батырханов  кайта қарамақ  түгілі  нысанды бұзу керек  деген шешім шығарып отыр.  Бұл таза рейдерство.  Әділетсіздікке , жемкорлыққа жол бермейік бауырлар.

Мейірлан Шакеев

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи