Алматы Қаржы полициясының экс-басшысы мен 35 адам сотта жауапқа тартылды, деп хабарлайды informburo.kz, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.
Тергеу жұмыстары барысында қаржы полиция басқармасының төрағасы Әмірхан Аманбаевтың қатысы бар екендігі белгілі болған ҰҚТ ісіне қатысты үкімді Алматы қаласындағы тергеу изоляторында оқып берді.
Әмірхан Аманбаевтың дүние-мүлкін тәркілеп, 14 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметке орналаса алмайтын болды.
Аманбаевты «Құрмет» ордені мен басқа да мемлекеттік наградаларынан айыру жайлы үкім Елбасыға таныстырылып, «3-ші сыныпты мемлекеттік кеңесші» шенінен айырылды.
Оған 6 бап бойынша айып тағылған:
- 28, 5б. – Заңсыз іс-әрекеттерге көмек көрсету;
- 215, 3б. – Мемлекеттік функцияларды атқару үшін өтірік уәкілетті адам жасау;
- 263, 4б. – Өзінің қызметін асыра пайдалана отырып, қылмыстық қауым құру немесе басшылық ету;
- 218, 3б. – Қылмыстық жолмен алынған қаржыны немесе басқа да мүліктерді заңдастыру;
- 307, 4б. – Қызметін асыра пайдаланып, ауыр қылмыстар жасау;
- 311, 5б. – Көлемді түрде пара алу.
ҰҚТ ісі бойынша жауапқа тартылушылардың бірі – Евгений Бронников ақталып шықты.
ҰҚТ төрағаларының бірі Сергей Ильиннің дүние-мүлкін тәркілеп, қатаң режимде 16 жыл жазасын өтеуге үкім шығарды.
Басқа сотталушылар: Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасының экс-басшысы Елдос Жексембинов, «Қазақстан индустриалды банк» АҚ-ның экс-төрағасы Нұрлан Шаукеров, «ВАЗ-Интерсервис» ТОО қарағандылық автосервис директоры Андрей Зубарев, Алматыдағы жемқорлыққа қарсы департамент басшысының экс-орынбасары, қаржы полиция полковнигі Мұратбек Қазыбаев, алматылық жемқорлыққа қарсы департамент басшысының экс-орынбасары полковник Қанат Артықбаев, Орал қаласы прокурорының экс-орынбасары Амангелді Бейсембаев және басқалары 3 пен 16 жыл аралығында бас бостандығынан айырылды.
Дереккөздердің айтуынша, жергілікті БАҚ «қара генерал» деп атаған Аманбаевтың ҰҚТ серіктестері 78 уәкілетті адамдарды тағайындап, 77 млрд. теңге көлемінде ақша жымқырған.
Аударған: Назерке Лабихан
Оставить комментарий