27 АҚПАНДА АЛМАТЫДА НАЗАРБАЕВ ПЕН ПУТИН КЕЗДЕСЕДІ

/uploads/thumbnail/20170709213656525_small.jpg
27 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында Ресей Федерациясының Президенті В.Путинмен кездеседі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық жайттар талқыланады деп жоспарланып отыр.

Айта кетер болсақ, лидерлердің Алматыдағы соңғы кездесуі  2006 жылы 17 маусымда Қазақстандық «Kazsat» тұңғыш байланыс спутнигін ұшыру қарсаңында өткен болатын. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи