«Қара жорға» билейтін робот (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709213702394_small.jpg

Қазақстандық мектеп оқушысы қазақтың ұлттық биі «Қара жорға» билейтін темір робот құрастырды.  Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Әділ Ордаев ерекше робот жасап шығарды.
Айта кетерлігі, әртүрлі күрделі қимылдар жасауға бейімделген бұл биолоид  роботтар мектептегі робототехника сабағы барысында құрастырылған.

Бұл жайында Әділ Ордаевтың өзі былай дейді: Біз әуелі роботтарды жасап шықтық. Артынан оларға арнайы бағдарламалар жаздық. Бұл жұмыстарға бір айға жуық уақыт жұмсалды. Нәтижесінде биші роботтар тобын жасақтадық»

Әділдің жетекшісі, информатика және робототехника пәнінің оқытушысы Бақытбек Орынбаевтің айтуынша, әлемде биші биолоидтер жиі кездеседі екен.

Жобаны жасау, әрине, оңайға түспеген. Бағдарламасы тез жасалғанымен, 18 бөлшектен құралған моторды ұлттық биге көндіру оңай болмапты. «Алайда талмай ізденіп, табандылық көрсету арқылы нәтижеге жеттік дейді», - өнертапқыштар.

- Роботты тек қана билеткізбей оған жан беру керек деп ойлаймын. Сондықтан біз роботтарды билеткізу кезінде әрбір қозғалысты сақтау кезінде өзіміздің жүрегіміздің кішкене бөлігін бердік деп санаймыз. Болашақта олар тек қана «Қаражорға» ғана емес, «Қамажай» билерін де билейді деген ойдамын, - дейді жас өнертапқыш Әділ Ордаев.

Әділдің робототехникамен айналысып жүргеніне 4 жыл болған. Осы уақыт аралығында ол түрлі байқауларға қатысып үлгеріпті. Өзі жасап шығарған роботтарды ол жақында Елордадағы «Астана» концерт залында «Ұлы дала мұрагерлері» атты көрме-қойылымда өткен Назарбаев зияткерлік мектептерінің талантты оқушыларының ғылыми жобалары көрмесінде таныстырды.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Павлодар бизнес-колледжінің студенттері өздері жасап шығарған роботқа "Қара жорға" билеткен болатын. 

Жобаның авторы Егер Коптиков роботты 2 аптадай уақыт ішінде құрастырғанымен, оған би бағдарламасын жазуға 1 айға жуық уақыт кеткенін, сондай-ақ бұл роботтың бастапқы нұсқасы ғана екенін және жобаны әрі қарай дамытатынын хабарлаған болатын. 

Дегенмен, қалың көпшілік жас өнертапқыштардың бұл әрекеттерін жоғары бағалап, Желіде жарияланған төмендегі видеоны көптеп тамашалаған болатын. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи