Астана қаласы Білім басқармасының мәліметінше, биылғы оқу жылында 5 жаңа мектеп ашылады: № 73, 74, 75, 76, 77. Әр мектептің жобалық қуаттылығы - 1200 орын. Сонымен қатар, қазан айында 4700 орындық 4 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұл туралы Baq.kz жазды.
Хабарға сай, биыл Астанада бірінші сыныпқа 13 мыңға жуық балдырған барады. Астана қаласы ел астанасы болған уақыттан бері қала демографиясы өсуде. Соған сай қала іргесі күннен күнге кеңейіп, халыққа қажетті нысандар күн санап бой көтеруде.
Қамшы-ақпарат
Оставить комментарий