12 мыңнан астам бала Мемлекеттік әнұранды бір мезгілде шырқайды

/uploads/thumbnail/20170708153736958_small.jpg

Конституция күні қарсаңында Қызылордада Қазақстанның Мемлекеттік әнұранын 1200-ден астам балақай бір мезгілде орындайды. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. Қызылорда қалалық  ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Балдырған Мәменнің айтуынша юалалар әнұранды 29 тамыз күні бір мезгілде орындамақ. Ерекше акцияға 124 балабақша мен мектепке дейінгі білім беретін шағын орталықтың тәрбиеленушілері қатысады. 30 тамыз күні қалада қоғамдық көлік кассирлері мен жүргізушілері өз жұмысын Мемлекеттік әнұранды айтумен бастағалы отыр. № 5, 6, 11, 12, 14, 17, 18, 19, 22, 24 қалалық бағыттағы автобустар бұл күні әдеттегідей 22.00-ге дейін емес, 23.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

"Қызылорда әкімдігінің ұсынысы бойынша кәсіпкерлер Конституция күніне арнап, тағы бір тарту әзірлеп отыр - қаланың "Мирас", "Жайна", "Айтбек", "Асбол", "Ағжан" сияқты ірі базарлары мен "Анвар", "Магнат", "Рамазан" сияқты сауда орталықтары қызылордалықтарға өз өнімдерін 10-15 пайыздық жеңілдікпен ұсынбақ", - дейді Мәмен. Сондай-ақ мереке күні Қызылордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі де өтпек екен.

Естеріңізге салсақ, 1995 жылы 30 тамыз ҚР ата заңы қабылданған күн.

Қамшы-ақпарат

Оставить комментарий

Связанные Статьи