Айсұлтан Назарбаев әкесінен асып түсетінін айтты

/uploads/thumbnail/20170709220433252_small.jpg

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаев  Facebook парақшасында өзінің жаңа қызметі туралы айтып берді деп хабарлайды qamshy.kz.

Ол бұған дейін Қазақстанның футбол федерациясына қатысты өзінің сыни пікірлерімен көзге түсіп жүрген еді. Айсұлтан Назарбаев қазірде ол сөздерінен айнымайтынын жеткізді.

«Басшылыққа келген жаңа адамдар  бірге отандық футболды қайта құруды ұсынғанда, олардың бетін қайтара алмадым. Мен жаңа басшылықпен кездесіп, біз ашық сөйлестік. Қазіргі жағдайға обьективті түрде баға бере алатын, қордаланған мәселелерді көтеріп, оның салдарын тереңінен түсінетін адамдармен сөйлескенде мәселелердің шешім өздігінен келді» деп жазды Айсұлтан Назарбаев.

Футбол федерациясының жаңа вице-президенті футболды дамыту үшін қандай істерді атқаратынын да айтып өтті.

«Қазір біз футболды көтеруіміз керек. Ол үшін келісім мен көп күш керек. Біз бірігуіміз қажет. Менің шешімімде ешқандай мансапқұмарлық жоқ. Мен ҚФФ басқармаймын, стратегияны анықтамаймын, федерацияның көп жұмысының бағытына әсер ете алмаймын. Футболдың өзі алаңға шыққанда бізді топпен жұмыс істеуге үйретеді. Мұнда жеке келіспеушіліктерге, эмоцияға орын жоқ. Ортақ мақсат болғанда топпен жұмыс істейміз. Сондықтан қазір мен бөлек бір аймақты алып, ортақ мүдде үшін ретке келтіруге дайын қарапайым қызметкермін. Ұлттық федерациялармен жақсы байланыс орнату керек».

Айсұлтан Назарбаев әкесінің қайтыс болғанына бір жыл толғанда оның жаңа қызметке кірісетінін  адамдар белгі деп санайтындарын да жазды.

«Неліктен біз барлығынан бір белгі көреміз? Әрине мен үшін бұл әкемнің құрметпен еске алуға тағы бір себеп. Әрине сол кезде атқарлған жұмыстарды қазақстандықтар жоққа шығара алмайтын шығар. Біз Еуропа және Азияның кейбір елдерінің  футбол басқармасындамыз. Футбол үшін әкемнен артық іс атқара аламын ба, жоқ па білмеймін. Бірақ мен тырысамын» дейді ол.

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи